АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Аман қалған жолаушы ұшақтың қалай құлағанын айтып берді[:]

[:kz]

Бек Эйр» ұшақ апатынан аман қалған жолаушының бірі апаттың қалай болғанын айтты.

Бұл туралы Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өзін Аслан деп таныстырған жолаушы лайнер ұшып бара жатқанын еске түсірді. Ұшақ биіктікке көтеріле бастағанда, діріл басталды. Аман қалған адам қайықта шайқалып жатқандай күй кешкенін айтты. Айтуынша, ұшақтың қанаттар да дірілдей бастаған.

Ол әлдене дұрыс емес екенін бірден сезіпті. Содан кейін ұшақ үйдің үстіне құлады дейді Аслан.

Оның айтуынша, борт жолаушыларының саны шамамен 85 пайызды құрады. Аман қалған жолаушының айтуынша, барлығы қорқып, у-шуға ұласқан.

Жолаушылардың айтуынша, қаза болғандар бар. Ол біреудің кеудесі жараланып, кейбірінің орындық арасында қысылып жатқанын, кейбіреулері аяғын сындырғанын көрген. Ол өзінің аман қалғанына құдайға шүкіршілік етті. 

[:]