АЛТЫНОРДА
Ел жаңалықтары

[:kz]Алтынбек пен Заманбекті Назарбаев өлтірді, 30 жыл бізді лақтырып келді — Ринат ЗАИТОВ[:]

[:kz]

 

«Тұғыры биік Тарбағатай» атты өнер және спорт фестивалінде көптен айтыстан көрінбей кеткен Ринат Заитов соңғы уақытта елімізде болған өзгерістер туралы бан шындықты жайып салды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қарсыласы Біржан Байтуов та қалысар емес.

“Ай, Ринат, шыңға біткен шынарсыңдар,
Кей кезде көз байлайтын тұмансыңдар
“Нұр Отанды” айттың-ау, басқасын да,
Неге сонша бізді әкеп сұғарсыңдар.
Мен ерсем, өз патшамның соңына ердім,
Оған несін жерік әкеп тығарсыңдар
Сен құсап Қосановқа ерген жоқпын,
Осыдан-ақ ойымды ұғарсыңдар
“Нұр Отаның” “Аманат” боп кетті ғой деп,
Әйтеуір әңгімені бұрарсыңдар.
Өз қазағың емес пе соның бәрі,
Қазақты несін орға жығарсыңдар
Апырай қолдарыңа билік берсе,
Бәрімізді аямай қырарсыңдар
800 мың мүшесін “Нұр Отанның”,
Шетінен халық жауы қыларсыңдар”, – деді Біржан Байтуов.

Ринат Заитовтың жауабы:

”Қосановтың жайын айттың қайта маған

Оған менің маңдайым шертілген жоқ.
Қосанов сайлауда, рас, бір алдады
Одан басқа зиянын келтірген жоқ.
Сенің Елбасың сияқты Біржан досым
Алтынбек, Заманбекті өлтірген жоқ.
Дулат Ағаділдерді аттырған жоқ,
Қазақтың байтақ жерін саттырған жоқ.
Кәсіпкерлер бастаған жұмыстарды
Туыстары тартып алып жаптырған жоқ.
Қосанов халықты бір лақтырғанмен,
Назарбаевтай отыз жыл лақтырған жоқ…

…Қаңтардың жайын біліп ал нақты
Ол кезде билік халықты сатты
Әкімдікті де өздері жақты,
Терезені де өздері шақты.
Өздері шақты, өздері жақты
Айыпты бірақ халыққа тақты
Экстремиссің деп, террориссің деп
Мылтықпен атты, түрмеге жапты.
Айтатын болсам қаңтардың мұңын
Емі жоқ жара мәңгілік мұның
Түрмеге жапты, сабалап бітті
Қазақтың қанша қызы мен ұлын…

…Тоқаев бәрін ұғамын деді
“Жаңа Қазақстан” құрамын деді
Байлықтың бәрін елге қайтарып,
Қазақты бақытты қыламын деді.

…Қаңтарда мен де қалада жүрдім
Осының көріп көзіммен бәрін”, – деп жауап қатты Ринат Заитов.

https://t.me/adyrnaportal/6052

“Адырна” ұлттық порталы

[:]