14 февраля, 2020 Comments Off on Алтынай Жолдыбаеваның соңғы бейнебаяны қатты сынға ілікті (видео)

Алтынай Жолдыбаеваның соңғы бейнебаяны қатты сынға ілікті (видео)

Алтынай Жолдыбаеваның кеше шыққан жаңа әні қатты сынға ілікті. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

"Jay Run" тобынан кетіп жеке шығармашылығымен айналысып жатқан әнші Алтынай Жолдыбаеваның күні кеше Гәкку арнасынан шыққан "Соңғы рет" деп аталатын туындысы елдің назарына түсіп, сынға ілікті.Әнші бұл жолы шетелдік стилисттердің көмегіне жүгінсе де, киімдері әдеттегідей ерсі көрінді. Және де осы әнін ол бұрынғы жігітіне арнап қарым-қатынастарына нүкте қойған.

Әннің ортасындағы ноталарын әншінің туған інісі Руслан шығарған екен. Ән көпшілікке ұнап жатса да, бейнебаянға нашар пікірлер басым жазылуда.

 

Тыңдарман пікіріне назар аударсақ.

"Әпкесіне қарап,сіңілісі өсер дей ме?", "Ән әдемі бірақ киімдеріңізді дұрыстаңызщы", "Просто бомба", "Әншіі емес нағыз шайтан ғой мынау", "Алтынай болма, адам бол", "Charlie Puth, Attention - деген әніне ұқсастығы бар екен","Қалай көтерілуді білмей жүрсең, голосқа барсайшы". -деген.

 

Айта кететін нәрсе бұрынғы сүйіктісіне ән арнаған Жолдыбаева дәл қазіргі таңда басы бос емес екендігін де айтып қалды.

Алтынай тек әнші ғана емес, кәсіби актриса. Көптеген отандық киноларда төбе көрсетіп жүр.

 

alashainasy.kz

 

Загрузка...

Комментирование закрыто.