АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Алтын келін»: Сәкен Майғазиевтің келіншегі сиыр сауудан мастер-класс көрсетті[:]

[:kz]

Сәкен Майғазиевтің келіншегі сиыр сауудан мастер-класс көрсетті, — деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Белгілі әнші келіншегінің сиыр сауып жатқан бейнежазбасын желідегі парақшасында бөліскен. Сиыр сауып жатқан әйелінен сұхбат алып жатқан кейіп танытып, жұртты күлкіге қарық қылды. Өнер иесі келіншегі шеберлік сыныбын өткізіп жатқанын айтып мақтанған.

«Осы эстафетаны оқырмандарымның сұрауы бойынша барша қазақ қыздары мен келіндеріне жолдаймыз. Түйе, бие, қой, ешкі де болады. Динара Асылханқызынан сиыр сауудан шеберлік сыныбы», — дейді Сәкен Майғазиев.  

Бейнежазбада әншінің әйелі енесіне емтихан тапсырып жатқанын айтқан. Бір шелек сүт сауып, оның салмағын өлшейтінін жеткізді Динара ханым.  

«Қазір үйге барып өлшейміз. Мамама емтихан тапсырамыз деп қояды дейді», — деп күлдірді Сәкен Майғазиевтің келіншегі.

Жұрт өнер иесінің әйелін алтын келін деп, мақтауларын жаудырған. 

 Stan.kz 

[:]