АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алтай Көлгіновтың шетелдікке ағылшын тіліндегі жауабы қызу талқылануда[:]

[:kz]

 

 

Алтай Көлгінов халықпен есептік кездесуінде сұрақтардың біріне ағылшын тілінде жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне Мадридтен келген шетелдік Диого Амадо сұрақ қойды. Ол елордада төрт жылдан бері тұрып келе жатқан.

Шетелдік азамат оған презентация өте ұнағанын айтып, ұсынысын білдірді.

«Демалыс күндері Мадридте орталықтың бір бөлігі жабылады. Бұл бір жағынан экология үшін, ал екінші жағынан — велосипедпен жүретін, серуендейтін, жүгіретін және белсенді түрде демалатын азаматтар үшін жағымды, — дейді шетелдік.

Көлгінов өз кезегінде Амадоға алғысын білдірді.

«Сіз біздің қаламыздың дамуына мүдделі екеніңізге қуаныштымын. Біз салыстырмалы талдау, тәжірибе жүргіземіз. Бізде «Нұр-Сұлтан — жайлы қала» атты мастер-жоспары бар. Ол үш негізгі идеядан тұрады: дені сау адамдар, тұрақтылық және өмір сүру мүмкіндігі. Біз сізді біздің командамызда көрсек қуанышты болар едік, — деп атап өтті әкім ағылшын тілінде.

[:]