АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Алматылықтар сақ болыңыздар!»[:]

[:kz]

Құтқарушылар Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына ескерту жариялады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің дерегін негізге алып. Олар жақын арада қардың еруіне байланысты таулы аймақтарда көшкін жүру қаупі бар екенін айтты. 

ТЖД алматылықтарға «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты және «Медеу» мұз айдынында күннің жылынуына байланысты көшкін жүруі мүмкін екенін ескертті.

«14-18 наурызда қар көшкіні жүруі мүмкін. Тауға шыққан кезде барынша сақ болыңыздар»,- деп жазады департамент.

 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

«Қамшы» сілтейді

 

[:]