АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматылық такси қонақты әуежайдан қонақ үйге дейін 23 мың теңгеге жеткізген [:]

[:kz]

Алматыда такси жүргізушісі шетелден келген қызды әуежайдан Сатпаев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан қонақ үйге дейін 23 мың теңгеге жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Instagram желісіндегі kris_p_almaty тобында жарияланды.

«Такси жүргізушісі бүгін бір қызды әуежайдан Байтұрсынов пен Сәтбаев көшесінің қиылысында орналасқан қонақ үйге дейін 23 мың теңгеге апарып тастады. 17 500 теңгеге чек көрсетіпті. Дәл осындай баға қайдан шықты? Бұл қалыпты жағдай болып табылады ма? Мүмкін қателесіп тұрған шығармын, қалада екі жыл болмадым», — деп көрсетілген жазбада.

Аталған оқиға байланысты оңтүстік астананың халықаралық әуежайының ресми өкілдері пікір білдірген.

Олар «жеке таксимен» мен қонақ арасында болған бірінші жағдай еместігін, екіншіден, 23 мың теңге — ақылға қонбайтын баға екендігін алға тартты.

Әуежай қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп, такси жүргізушісінің жолаушыға  жасанды түбіртек бергенін анықтаған.

«Видеодағы түбіртек — түпнұсқаның көшірмесі, соның көмегімен жүргізуші клиентті іздеу жолын оңайлатпақ болған шығар. AportTaxi-дің түпнұсқа түбіртегі — ашық жасыл түсте. Біз бұл жүргізушіні таптық, ол жолаушы ресейлік рубльмен төлеуді ұсынғанда, бас тартпағанын айтты.

Әуежайдан қала ортасына дейін теңге бағамымен осынша ақша алу ыңғайсыз екенін білген-білмегені белгісіз. Бірақ жүргізуші шетелдік қызға артық төлеген соманы қайтарып беруге уәдесін берді», — деді әуе компанияның қызметкерлері.

Алматы халықаралық әуежайының өкілдері «жеке таксистердің» қызметін қолданбауға шақырды.

Ал шетелдік қонақтарға Қазақстанға ұшпас бұрын, валюта бағамы мен такси тарифтерінің бағасын біліп алу керектігін ескертті.

 

KAZ.NUR.KZ.

 

[:]