Алматыда Тұңғыш Президент саябағына кіре берісте ер адамды полицияның ұстауы әлеуметтік желілерде наразылық тудырды, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Instagram-да жарияланған видеода екі тәртіп сақшысының ер адамды жерге құлатқаны көрсетілген. Бұл ретте полицейлердің бірі ер адамды мойнынан мықтап ұстаған.

“Жүгері сатушыны ұстады. Жігіт тек ескерту алды деп үміттенемін”, – делінген видеоның астындағы жазбада.

Видеоның түсіндірмесінде ер адамның заңсыз сауда жасағаны туралы жазылған: “Ол қаша бастады, оның сөмкесін жыртты. Ол жынданып, итеріп, қарсылық көрсете бастады”.

“Мен есірткі сатушыны ұстады деп ойладым ) жігіт нанын тауып жүр. Жарты базар сауда жасайды. Ең бастысы – қайыр сұрамайды…”, “Бұл тек жүгері ғой… Өлтіруге шақ қалды … Қандай елде тұрамыз”, “Біздің полиция қарусыз адамдарға ғана қарсы тұра алады, ал егер адамның қаруы болса, біздің ержүрек полицейлер онымен жәй ғана сөйлеседі”, – деп жазды желі қолданушылары.

 
 

Рубрика: