АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматылық әнші Ксения Ашиғалиеваның жолдасы уақытша қамауға алынды[:]

[:kz]

Әнші Ксения Ашигалиева күйеуінің өзін ұрып, өлтіруге әрекет жасады деп айыптаған еді.

Әйелі әнші Ксения Ашиғалиеваны ұрып-соқты деп айыпталған «Jackpot» тобының гитарисі Бауыржан Ашиғалиев қамауға алынды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Азамат Бауыржан Ашиғалиев Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жақын арада ол сотқа дейінгі тергеу мерзіміне алдын-алу шарасын таңдау туралы сотқа ұсынылады», — делінген хабарламада. 

Әнші Ксения Ашигалиева күйеуінің өзін ұрып, өлтіруге әрекет жасады деп айыптаған еді.

 Stan.kz 

 

[:]