АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыдағы блок-бекетте қаза тапқан полицейлердің туыстары қылмыскерге шығарған үкімге наразы[:]

[:kz]

 

Алматыдағы блок-бекетте болған жол апатынан қаза тапқан полицейлердің туыстары кінәлі деп танылған және сотталған Азат Азаматовқа шығарылған үкімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Sputnik Қазақстан» порталы

Бұрынғы полиция қызметкері Азат Азамтовты 10 жылға бас бостандығынан айырды – мұндай қылмыс үшін ең жоғары жаза. Сондай-ақ қаза тапқандардың туыстарына миллиондаған өтемақы төлеуге міндеттелді. Үкімді бүгін Қарасай аудандық соты шығарды.

Сотталушының өзі үкім шыққан кезде болған жоқ — ол орналасқан изолятор карантинге жабылған.

Қаза тапқан полиция қызметкері Дастан Әбдіқановтың жұбайы үкім туралы пікірін айтты. Ол сот шешіміне наразы екенін жеткізді.

«Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілсе де — аз. Апелляциялық шағым туралы әлі ойламадым. Ол бізден кешірім сұраған жоқ. Осы уақытқа дейін бірде-бір рет сұрамады.  Анасы да, әкесі де келмеді. Оларда біздің нөмірлеріміз бар. Кешірім сұрау үшін ешкім қоңырау шалған жоқ. Жиналыс кезінде оның ата-анасы тіпті бізбен сәлемдескен жоқ. Әділетсіз жаза», — деді Әбдіқановтың әйелі

«Бұл жеткіліксіз, біз өмір бойы бас бостандығынан айырады ойладық. Алайда, бұл бап бойынша заң мұндай жазаны қарастырмайды. Құдай — төреші. Апелляция туралы — адвокатпен кеңесеміз», — деді Әбдіқановтың әкесі.

Жалпы, қаза тапқан Әбдіқановтың отбасы сот үкіміне өте риза емес. Олар қатаң жазаға тартылады деп үміттенген еді.

Ал екінші полицейдің туыстары баспасөзге түсініктеме беруден бас тартты.

Еске салайық, 25 мамырда BMW жүргізушісі бақылау-өткізу пунктін қағып, патрульдік көлікке соғылды. Көлік ішінде екі полиция қызметкері болды, олардың бірі оқиға орнында көз жұмды, ал екіншісі есін жимастан ауруханада көз жұмды. Апат салдарынан жансақтау бөлімінде жатқан үшінші полиция қызметкері де ауыр жарақат алды. Енді оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Алматыдағы бақылау-өткізу пунктінде көз жұмған полиция қызметкерлерінің отбасыларына пәтер беріледі.

Оқиғадан кейін полицияның үш басшысы қызметінен босатылды. Ал Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденовке қатаң сөгіс берілді.

Айта кету керек, апатқа бұрын құқық қорғау органдарына қатысы бар ер адам кінәлі болған. 

Ең қызығы, біраз уақыт өткеннен кейін кінәлі жүргізушінің әкесі Талғат Мұқашев ұлының жақында ғана дәрежесі өскенін, әлі де полиция қызметкері екенін айтқан. 

Бұған қоса BMW жүргізушісі осыған дейін де жол-көлік оқиғасына себепші болғаны анықталыпты. 

[:]