21 мая, 2020 Comments Off on Алматыдағы “Алтын Орда” базары бұзылып жатыр

Алматыдағы “Алтын Орда” базары бұзылып жатыр

Орталық Азиядағы ең ірі әрі танымал сауда орталығы «Алтын орда» базары бұзылып жатыр. Сауда кешені Алматы қаласы мен оның маңындағы аудандар үшін аса маңызды саналатын. Мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен ет, Жамбыл, Түркістан облыстарынан көкөніс пен жеміс-жидек, Қытай мен Қырғызстан, Өзбекстаннан тұрмыстық заттар, киім-кешек арзан бағада жеткізілетін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Базар толғандықтан адам аяқ алып жүре алмайтын атағы дүркіреген "Алтын Орда" базары бұзылып жатыр. Сауда қатарлары алынып тасталып, материалдары әр жерде үйіліпті. Қызметі қайнаған базар нышаны байқалмайды. Ауыр техникалар базардың келесін қатарын қиратуға дайын тұр. Мұндағы баға ең арзан деп білетін Алматы тұрғындары азық-түлік алуға әлі де келіп жатыр. Себебі жеміс-жидек пен басқа да өнімдер сататын сауда қатарлары әлі жұмыс істеп тұр екен. 

 

Алматы-Бішкек тас жолының "Алтын Орда" маңындағы құрылысы көпке созылған жол айрық салына басталғанда ірі базарға қол тигізілмепті. Ал оған қарама-қарсы жатқан "Барлық" базарының бірнеше қатарындағы контейнерлер сүріліп алып тасталған. 

Расымен бұл базардағы баға халыққа қолайлы. "Алтын Орда" бұзылғанымен базар ешқайда кетпейді екен. Керісінше, заманға сай сауда-логистикалық кешенге айналмақ. Қос қабатты бір сауда павильоны дайын, маусым айында ашылады екен. 

"Бірінші сауда павильонының құрылысы аяқталып жатыр. Аумағы 8,3 мың шаршы метр сауда алаңы соңғы үлгіде салынды. Маусым айының басында ашылады. Мұнда азық-түлік сатылады. Артынша екі павильонның құрылысы басталады. Жер асты паркингі бар, оның аумағы 60 мың шаршы метр болмақ", - деді "Altyn Orda Kaztrade" ЖШС директорының орынбасары Жұмадин Патов.

Базар басшылары бұған дейін "Алтын Ордада" сауда жасаған кәсіпкелер жаңа павильонға көшкенде жалдау ақысы өзгермейді деп сендірді. Қазір азық-түлік сататын алаң толығымен жұмысқа кірісіпт


Загрузка...

Комментирование закрыто.

2025d523818cd5cb