АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда жүргізуші жанармай таситын көлікке соғылып, өрт шықты — фото[:]

[:kz]

Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Күдерин көшесінің қиылысында ірі жол апаты болды.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жанармай таситын Volvo көлігі Рысқұлов көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатқан. Сол кезде қатты жылдамдықпен тура сол бағытта BMW 7 көлігі бара жатады.

Жүргізуші жанармай таситын көліктің сол жағынан озбақ болғанда, көлігі бір жаққа ығыса бастайды. Ер адам рөлге ие бола алмай, авто бар жылдамдығымен жанармай таситын көліктің тіркемесіне соғылды.

 

Содан соң жана бастады. Жанармай таситын көліктің жүргізушісі мен жолаушы өрт сөндіргіштердің көмегімен жанып жатқан көлікті сөндірді.

Жол апаты салдарынан зардап шеккен BMW жүргізушісі әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Sputnik 

[:]