Алматыда көшеде жыныстық қатынаспен айналысқан жұп видеоға түсіп қалған. Қалалық полиция департаменті басшысының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов куәгерлер видеосына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерінің айтуынша, тәртіп бұзушылар табылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 

“Бүгін Instagram-дағы белгілеулеріңіздің арқасында екі адамның көрпені жамылып, жыныстық қатынасқа түскенін анықтадық, ал үшінші адам сол маңда болған.

Тексеріс жүргізіп, тәртіп бұзушыларды анықтадық, олар У. есімді 1974 ж., Е. есімді 1988 ж. Т есімді 1990 ж. туған азаматтар болып шықты.

Мән-жайларды зерттеу бұған дейін Бостандық ауданы ПБ жанындағы ПБ ЖПҚБ қызметкерлеріне тапсырылған болатын. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар E. есімді азамат көпшілік алдында кешірім сұраған, алайда бұл оны заңда көзделген жауапкершіліктен босатпайды”, – деп жазды Әбдірахманов.

Рубрика: