АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда жекежайда еркін жүрген арыстан тұрғындардың зәресін ұшырды (видео) [:]

[:kz]

Алматының жекежай аумағында аласа қорғанның ар жағында арыстандар бағып жүр. Қала тұрғындары балалары үшін алаңдайтындарын жеткізді. Бұл туралы іnAlmaty.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Балабақшаның жанында": Алматы жекежай аумағында еркін жүрген арыстан тұрғындардың зәресін ұшырды (видео)

Фото:inalmaty.kz

 

Әлеуметтік желілерде ересек арыстан мен күшігінің видеосы жарияланды. Кадрдан жыртқыштың егде жастағы адамның жанында жүгіріп жүргенін көруге болады.

Видео авторының сөзінше, арыстандарды Ремизовка шатқалының «Комильфо» тұрғын үй кешенінің артындаға жекежай аумағында бағып отыр.»Аңдар айналадағы адамдарға қауіп төндіруде. Қасымыда балабақша бар! Мұны қадағалайтын қызметтер шара қолдансын», — деп жазды автор.

іnAlmaty.kz редакциясы Алматы әкімдігіне сауал жолдаған. Құзырлы органдар жағдайдың мән-жайын анықтауда.

  

[:]