ҰҚК синтетикалық есірткілерді дайындайтын жасырын цех анықтады. Бұл туралы ҰҚК сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Алматы қаласы бойынша департаменті 2019 жылғы 24 қазанда жедел-іздестіру шараларын өткізу нәтижесінде Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Зертхана жайында 2 кг жуық синтетикалық есірткілер (балама түрде 2 мың дозаға жуық) және 526 литр прекурсорлар алынып, олар сот-химиялық сараптамаға жіберілді. «Дайын психотропты заттарды сату «Telegram» және «VIPole» әлеуметтік мессенджерлеріндегі интернет-дүкендер арқылы жүзеге асырылған.

Ұсталған «А» есімді азаматтың тұрғылықты жері бойынша сондай-ақ есірткі сататын ірі интернет-дүкендерінің бірі «Алтын Орда» логотипі бар визит карточкасы мен оттық шақпақ алынды. Аталған факті бойынша ҚК 297-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам тергеу изоляторына орналастырылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда», — делінген ҰҚҚ хабарламасында.

Іс-шаралар ұлттық қауіпсіздік органдары өткізіп жатқан арнайы операциясының заңдылығына қатаң қадағалау жасаған Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесіп жүзеге асырылды.

Рубрика: