АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Алматыда жаңадан карантин орталығы бой көтереді» — Сағынтаев (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Бұл — індетті дер кезінде анықтап, оны оқшаулауға және індетті жұқтырушыны емдеуге мүмкіндік береді.

Алматыда коронавирус індетін жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болған жандарға арналған карантин орталығы салынады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Алматыда жаңадан карантин орталығы бой көтереді.Бүгін оның құрылысы басталған алаңда болдым. Бұл госпиталь коронавирус індетін жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болған жандарға арналады. Тез салынатын модульды құрылыс жабдығынан бой көтеретін карантин орталығы 280 адамға есептелген. Соның ішінде, 28-і қарқынды терапия бөлімшесіне арналады.

Мұндай госпитальды салу туралы шешім вирус пандемиясына тап болған басқа елдердің тәжірибесі әрі мамандардың ұсынысы негізінде қабылданды. Бұл — індетті дер кезінде анықтап, оны оқшаулауға және індетті жұқтырушыны емдеуге мүмкіндік береді. Осылайша, біз аурудың таралу қаупін айтарлықтай төмендетіп, қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыра аламыз», — деді Сағынтаев. 

Естеріңізге сала кетейік, коронавирустың таралуына байланысты Алматы мен Нұр-Сұлтанда жұмыссыз апта уақыты 13 сәуірге дейін ұзартылды. Қазіргі таңда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны — 525, жазылып шыққандар — 36, қайтыс болғаны — 5 адам.
 

 

[:]