Алматыда 8 күн ішінде “Сергек” камераларының көмегімен 42 миллион теңгелік заңбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жүргізушілердің айыппұлға төлеген ақшасы қайтарылатын болады

Бұл туралы қаланың ПД мәлімдеді. 

ПД-нің хабарлауынша, 400 “Сергек” бақылау камераларын іске қосқаннан бері 8 күн ішінде 2564 жол ережесін бұзған жағдай тіркеліп, оларға салынатын айыппұл көлемі 42 010 397 теңгеге жеткен. 

“Сергек” бақылалау камералары мынадай жол ережесін бұзушылықтарды түсіреді: жылдамдықты асыру, бағдаршамның қызы түсіне өту, жол белгілерін сақтамау, жол сызықтарына мән бермеу, дұрыс токтау ережесін бұзу, қоғамдық көліктің жолағына шығып кету. 

Өз кезегінде полицейлер жүргіншілерге жол ережесін бұзбауға кеңес берді.  

Рубрика: