Бүгін 6 наурыз күні Алматыда Украинаны қолдағандар соғысқа қарсылық танытып бейбіт митинг өткізді. Билік өткен жиынға рұқсат берген. Басында шамамен 300 адамдай жиналған жиынға келгендердің саны бірнеше мыңға жетіп жығылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

митинг украина 1

Митингінің алдында Қазақстан және Украина әнұрандары айтылды. Алаңға келушілердің саны сағат сайын өсті.

митинг украина 2

Алаңда тұрған адамдардың қолында Қазақстан мен Украинаның тулары өте көп болды. Сондай-ақ халық қолдарында “Соғысқа жол жоқ”, “Украина біз біргеміз”, “Путин кет!” деген қазақ, орыс, ағылшын тілдерде жазылған плакаттар бар.

митинг украина 3

Бұған дейін әкімдік аталған митингіні қала орталығындағы Уәлиханов алаңында өткізуге рұқсат бермеген. Сол себепті белсенділер наразылық акциясын “Сарыарқа” кинотеатрының артында өткізді.

митинг украина 3

Бетіне Украина туын салып алған қыз. Бейбіт жиынға соғысты тоқтатуды талап етіп көптеген ұлт өкілдері келді. Алаңға келгендердің ұлты бөлек болса да, айтылған ұрандары бір болды.

митинг украина 4

Сөмкесіне Қазақстан мен Украин туын бірдей іліп алған жігіт. Алаңға жиналғандардың барлығы Қазақстанның украин халқымен бірге екенін айтты.

H.A.Q қозғалысының белсендісі Тоғжан Қожалиева қазақстандықтар Украина азаматтарына көмектесу үшін 6 күнде 150 миллион теңгеден астам ақша жинап бергенін айтты.

митинг украина 5

Алматыдағы Украинаны қолдау жиынына шыққан анасы мен баласы мінберде айтылған сөзді ұйып тыңдап тұр.

митинг украина 6

Қолына “Украина жасасын!” деген ұран сөз жазып алған азамат Алматы алаңында тұр. Жиында сөйлегендер қазір украиналықтар туған елінің әрбір сүйем жері үшін күресіп жатқанын айтты.

митинг украина 7

Алаңға әкесімен еріп келген Украинаның ең кішкентай қолдаушылары. Олар да қолдарына “Украинадағы соғысты тоқтат!”, “Украина жасасын!” деген жазуы бар плакат ұстаған.

митинг украина 8

Қолына гүл ұстап, жүрек тұсына Украина туын салып алған қыз алаңда тұр. Өзінің айтуынша, ол соғыс туралы әрбір жаңалықты оқыған сайын қатты қиналады екен.

“Біз Украинамен біргеміз. Соғысты тоқтату үшін мына әлемге мейірімділік жетіспейді. Бір бірімізге мейірімді болайық”, – дейді гүл ұстаған қыз.

митинг украина 9

“Мен бейбіт өмірде ғұмыр кешкім келеді. Балалар да Украинамен бірге” – дейді мына бір бүлдіршін. Оның жанында көтеріп анасы тұр.

митинг украина 10

“Соғыс тоқтасын” деген жазуы бар тағы бір плакатты ұстап тұрғандар. Алаңға келген әрбір азамат өз тілегін жазу мен сурет арқылы ұқтырғысы келді.

митинг украина 11

Алматы алаңына келгендер әсіресе Ресей президенті Владимир Путинді қатты сынады.

“Путин өз мансапқұмарлығының тұтқынына айналды. Осы соғысты бастаған – сол. Орыстарға не украиндарға қарсы емеспіз. Біз Путинге қарсымыз. Бейбітшілікті қолдаймыз”, – деді көпшілік алдында сөз сөйлеген белсенді Дәулет Әбілқасымов. 

Ал бұдан кейін өзін Ресей азаматымын деп таныстырған ер адам “Путин менің президентіміз емес”, – деді.

митинг украина 12

Украина туына гүл салып қойған плакатты ұстаған қыз жиналғандар арасында тұр. Алаңда екі жарым сағаттай тұрған халық осыдан кейін тарай бастады.

Айта кетейік, бұл жиынды өткізуге әкімдік рұқсат етсе де, алаңды бақылап жүрген билік адамдары байқалды.

митинг украина 13

 

Рубрика: