АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда сүйіктісі ұсынысын қабыл алмаған жігіт өз-өзіне қол жұмсамақ болды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Кешкі сегізде өзін-өзі өлтіруге әрекеттенген жігіт оқиғасына көп куәгерлер жиналды.

Алматыда 21 жастағы бозбала сүйіктісі өз ұсынысын қабыл алмағаны үшін өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жас жігіттің ұсынысынан қыз бірнеше рет бас тартқан, сондықтан ол өз сүйіктісі жұмыс істейтін дүкеннің төбесіне шығып, секірмек болған.

Кешкі сегізде өзін-өзі өлтіруге әрекеттенген жігіт оқиғасына көп куәгерлер жиналды.

Біз сылбырлыққа салынбай, тез әрекет етуге бел будық: екі жаққа бөлініп, төбеге көтерілдік, — деді Алматы қаласы ПД Патрульдік полиция полкінің инспекторы Абылайхан Оқас. Әріптестерім баспалдақпен көтерілді, ал мен болмас билбордқа жабысып, жоғарыға өрмеледім, — дейді патрульдік полиция қызметкері.

Алматы қалалық Патрульдік полиция полкінің полиция қызметкерінің айтуынша, ол жігіттің назарын өзіне аударуға тырысқан.

«Бірақ мен жақындаған сайын жас жігіт өршеленіп, шынымен де секіруге әрекет жасай бастады. Сол сәтте шығыс жақтан көтерілген әріптесім оны артынан ұстап алып, шатырға қайта сүйреп тартты», — дейді Ақберген Төлегенов.
Осылайша жігіттің ойға алғаны орындалмады, ол аман-есен жерге түсірілді.
 

[:]