АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда полицей формасын киген қыз саудагерлерден ақша бопсалаған (фото)[:]

[:kz]

Оңтүстік астанада тәртіп сақшылары полицей формасын киіп, базардағы саудагерлерді қорқытқан 24 жастағы аруды ұстады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, алаяқ полицей формасын сатып алып, көп уақыт бойы базардағы саудагерлерден ақша бопсалап жүрген.

Кәсіпкерлер заңсыз түрде жауапкершілікке тартылмас үшін оған ақша берген екен.

Ұсталған бойжеткеннің полицейлерге еш қатысы болмай шықты. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

kaz.nur.kz

[:]