Алматыда 2006 жылы туған қыз өз-өзіне қол жұмсады. Әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Оқиға 4 мамырға қараған түні Алматының Медеу ауданында болды”, – деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Полицейлердің мәліметінше, 2006 жылы туған мектеп оқушысы ауласында асылып қалған.

“Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл фактҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 105 бабы бойынша тексерілуде”, – деп қосты полицейлер. 

Ведомствода оқиғаның себебі мен өзге де мән-жайлар анықталып жатқанын атап өтті.

Рубрика: