АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда қылмыс 10 пайызға төмендеген[:]

[:kz]

Жалпы, биылғы жарты жылда Алматыда қылмыстық әрекеттер 10 пайызға дерлік төмендеген. Бірақ соңғы 2 жылда елімізде қылмыс жасағандарды абақтыға жабу күрт азайған. Нәтижесінде бұл Қазақстанда 7 колонияның жабылуына әкеп соқтырып, мұндай қылмыстар үстіміздегі жылы 6 айда 7 пайызға азайған.

Бұл жайлы осы тамыз айының басында Үкімет отырысында айтып өткен ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, одан әрі өз сөзінде мегаполисте қылмыс деңгейі әлі жоғары екенін тілге тиек етіп өтті. Егер салыстырар болсақ, еліміз бойынша биылғы жарты жылда 10 мың тұрғынға 161 қылмыстан келсе, Алматыда бұл көрсеткіш 350 қылмысқа дейін бірақ жеткен. Ал қылмыстың мұндай жоғары деңгейі әлемнің барлық ірі мегаполистеріне тән құбылыс екен.

Сонымен қатар, биылғы жарты жылда бүкіл елде ұялы телефон ұрлығы барлық осындай қылмыстың 15-20 пайызын құраса, бір ғана Алматының өзінде ғана 4,5 мыңдай қалта телефондар ұрлығы тіркелген екен. Тіпті, мұнда бір базардың бір жағында ұрланған ұялы телефондар келесі бұрышта сатыла беретін жағдайға жеткен. Оның үстіне, еліміздегі тіркелген барлық 452 қос қапталдағы бүйірлік айнаның 90 пайыздайы Алматыда ұрланғаны да анықталған.

Әрине, шаһарда қылмысты азайту тұрғысында үлкен жұмыстар жүріп жатыр. Одан қалды, алдымыздағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматыда сатылатын ұялы телефон атаулы ЖСН-мен байланысып, ресми түрде тіркелетін болыпты. Содан кейін операторлар тіркелмеген ұялы телефондарға қызмет көрсетпейтін болмақ екен.

Құттыбек АЙМАХАН

Abai.kz

[:]