Алматыда 31 шілде мен 2 тамыз аралығында қоғамдық көліктер жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Бас санитарлық дәрігердің шешіміне сәйкес мереке және демалыс күндері 31 шілде, 1-2 тамыз күндері Алматыдағы қоғамдық көліктердің, оның ішінде метроның жұмысы тоқтатылады”, – деді Алматы көлік холдингінің баспасөз қызметі.

 

5 шілдеден 2 тамызға дейін Қазақстан кеңейтілген карантиндік шараларды енгізді, 29 шілдеде Қазақстан Президенті карантинге шектеулерді тағы екі аптаға – 17 тамызға дейін ұзартты.

Бұған дейін Алматы әкімдігі Алматыдағы қоғамдық көліктердің қозғалысы тек мереке және демалыс күндері ғана толығымен тоқтайтынын хабарлады. Жұмыс күндері оның жұмысы бір сағатқа қысқарады.

Рубрика: