Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин режимі бүгін сағат 00:00-де іске қосылды. Stan.kz редакциясының тілшісі қаланың шығаберісінде орналасқан блок-бекеттердің біріне барып, ондағы жайтты біліп қайтты. 

Қазақстаның екі ірі мегаполистері карантинге мемлекеттік комиссияның шешімімен жабылды. Бұл жағдай президенттің елімізде төтенше жағдай жариялауына байланысты жүзеге асырылып отыр. 

 

Райымбек даңғылындағы “Барлық” базарының маңындағы блок-бекетте қазіргі уақытта қалаға ағылған жұрт пен керісінше сыртқа қашып жатқандардың ағымы әлі тоқтамапты. Иықтарына қару асынған полиция қызметкерлері мен арнай жасақ жауынгерлері бекет маңына артық ешкімді жолатпай, келушілерді біртіндеп кіргізіп жатыр.

Тілшінің хабарлауынша, алғашында келіп-кетушілерді арнайы тепловизор құрылғысы арқылы тексеріпті, алайда қазір қалаға келгендерден олардың жеке куәлігі мен Алматыда тіркеуде екендігі туралы анықтама ғана талап етілуде. 

блок пост

“Қалада тіркеуде екендігін дәлелдейтін құжаты мен жұмыс орнынан анықтаманы тексеріп жатырмыз. Егер қолында осы қағаздар болса кіргіземіз. Көліктерге қойылатын талап басқа. Қаладан адамдарды кедергісіз шығарып жатырмыз”, – деді Наурызбай ауданының полиция бөлімшесінің капитаны Көшімбаев Алмас. 

Блок-бекеттерде тәртіп сақшылары мен арнайы жасақ жауынгерлерінен бөлек жедел жәрдем қызметкерлері де жүрген көрінеді. 

 

блок постблок пост

Құлжа тас жолында орналасқан тағы блок-бекетте БТР көлігі, әскерилер, полиция қызметкерлері тұр. Алматы облысының тұрғындарын жеке куәліктерін тіркеп шығарып жатыр. Естеріңізге сала кетсек, қала билігі наурыздың 22-сіне дейін қала мен сырт жақтан қатынайтын тұрғындарға үйлеріне дейін жетіп алуларын ескерткен еді.

Блок-бекетте қалып қойған тұрғынның айтуынша, тәртіп сақшылары оның қалаға кіруіне кедергі жасапты. Көлігін алысқа тастап кетіп, постқа дейін жаяу жүріп келген тұрғын медициналық орталыққа жету үшін такси шақыртуға тура келген. 

“Мен ауылда тіркелгенмін. Мен қалаға барып тексерілуім керек. 26-сы күні ота жасалады. Енді қалай болар екен. Көлігімді сыртқа тастап, өзім жаяу жүріп келдім. Не бар кептеліске тұрып?” – дейді бекетте қалып қойған тұрғын Жанар Рәкішева. 

Ұзын-сонар кезек тұрған көлік жүргізушілерінің бірі коронавирус үшін ауылға бара жатқанын, бала-шағасы сонда екеннін жеткізді. Карантин аяқталғанша сол жақта боламын дейді ол.

Ал қорғаныш костюмын киіп, барлық тұрғындарды тіркеп өткізіп тұрған мамандардың қолында тепловизор болғанымен, ешкімнің дене температурасын тексеріп жатқан жоқ.

блок постблок постблок постблок постблок постблок пост

 

Рубрика: