Алматыда қарақшылар Kaspi bank-тің бөлімшесіне шабуыл жасап, қомақты соманы алып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

“Алматыда қаруланған екі қарақшы Kaspi.kz филиалына шабуыл жасады. Жұмыс күні аяқталуға жақын қалғандықтан, банк бөлімшесінде клиенттер болған жоқ. Белгісіз адамдар банк қызметкерлерін қарумен қорқытып, алдын ала мәліметтер бойынша 2 млн теңгені алып кеткен. Абырой болғанда, қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Полиция дабыл соғыла салысымен, көп ұзатпай келді. Kaspi.kz қауіпсіздік қызметі құқық қорғау органдарымен бірлесіп әрекет жасауда. Қылмыскерлер табылып, заң бойынша жазаланады”,– делінген ресми хабарламада. 

 

 

Рубрика: