19 мая, 2019 Comments Off on Алматыда із-түзсіз кеткен 18 жастағы аруға қатысты жаңа деректер шықты

Алматыда із-түзсіз кеткен 18 жастағы аруға қатысты жаңа деректер шықты

Оңтүстік астанада із-түзсіз жоғалып кеткен 18 жастағы Айгүл Амангелдіні іздеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда оның үйінен бойжеткен білім алатын оқу ордасына дейінгі барлық бағыт тексерілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айгүлді іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын қоғамдық қауіпсіздік кеңесінің көшбасшысы Ислам Угушев Facebook әлеуметтік желісінде хабардар етті.

Оның сөзінше, жоғалған ару бір жыл бойы үйінен сабағына дейін үнемі қалыпты бағытпен қатынап отырған. Бірнеше күн бойы еріктілер сол бағыттың барлығын қарап шыққан. Алайда іздеу жұмыстары нәтиже бермеген.

"Тастақ ауданынан Мерей дүкеніне дейінгі барлық жер қаралды. Белбұлақ ауылы, канал мен бактан Алатауға дейінгі, Тұздыбастау елді мекені және Талғар тас жолының бойы түгел қаралды", - деп жазды Угушев.

Сонымен қатар Айгүлдің телефон нөмірі де тексерілген. Алайда одан ешқандай да маңызды ақпарат табылмаған. Бірақ мына бір түсініксіз жағдай еріктілердің назарын аудараған.

Айгүл жоғалған сәттен бастап оның телефонына хабарласу мүмкін болмаған. Алайда оның із-түзсіз кеткеніне бір тәулік өтсе де, телефон жұмыс істеп тұрған. Ал кейін қуаты бітіп, сөніп қалған.

Телефон соңғы рет - ол жоғалған күні Тұздыбастау жерінде тіркелген. Ол жақта іздеу жұмыстары нәтиже бермеді дейді Угушев.

Айгүл Амангелдіні іздеу жұмыстарына атсалысқы келген немес қандай да бір жәрдем бергісі келген адам көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласа алады: +7 777 277 8707 Қуаныш +7 700 453 13 27 Жанат.

18 жастағы аруды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетейік, Айгүл Амангелдіні 13 мамыр күні үйінен емтихан тапсыру үшін оқу орнына шығып, қайта оралмаған. Содан бері студенттен хабар жоқ. 

KAZ.NUR.KZ.

 

Загрузка...

Комментирование закрыто.