АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда дүңгіршектерді тонаған үш қыз бен екі жігіт ұсталды[:]

[:kz]

 
 
Олар «Asia Park» сауда үйінде орналасқан бутиктерді тонаған.
 

Алматыда дүңгіршектерді тонаған қылмыскерлер ұсталды. Олар ұрланған заттарды пәтерде қоқыс қапшықтарына салып қойған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Әуезов ауданының полиция қызметкерлері қылмыстық жолмен алынған заттар сақталған пәтерді анықтады. 

Онда үш қыз және екі жас жігіт тұрған. Сұғанақтардың «Asia Park» сауда үйінде орналасқан бутиктерді тонағаны анықталды. 

Олар пәтерлерінде көршілерден алған тістеуіктердің көмегімен ұрланған киімдердің магниттік жапсырмаларын жұлып тастаған. 

Полицияның ақпаратына сәйкес, ұсталғандардың ең кішісі 19 жаста, үлкені 28-де. Алматыға еліміздің басқа аймақтарынан келген. Заттай айғақтары тәркіленді. Қазір күдіктілер қамауға алынды.


 

[:]