АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда Денис Тен ескерткіші ашылды (видео)[:]

[:kz]

Алматыда қайтыс болған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге ескеркіш қойылды. Мемориал спортшы көз жұмған Бәйсейітов және Құрманғазы көшелерінің қиылысында орнатылған. Ескерткіштің ашылу салтанатындағы видео журналист Вадим Борейконың Instagram парақшасында пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

«ҚазАқпарат» агенттінің хабарлауынша, биіктігі 2,4 метр болатын мүсін қоладан жасалған.

Металлда марқұм мәнерлеп сырғанаушының Сочиде өнер көрсеткен сәті бейнеленген. Денис Тен ол кезде Қазақстанға Олимпиада ойындарының қола жүлдесін алып келген еді.

Ескерткіш авторы осыған дейін Виктор Цойдың ескерткішін жасаған ресейлік мүсінші Матвей Макушкин болды.

Ашылу салтанатына Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қатысып, Денис туралы кітап шығарылғанын, ал күзде қаза тапқан спортшыны еске алу турнирі өтетінін айтты.

 

[:]