Желіде Алматыда мас жүргізуші “Спартак” стадионына барып, көлікпен адамдарды баса жазбаған сәттің видеосы қызу талқыланып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Здравствуйте Хочу сообщить о вопиющем случае. 8 августа в городе Алматы на стадионе «Спартак» был совершён наезд на людей на футбольном поле, во время игры, автомашиной под управлением пьяного молодого человека 1998года рождения. Водитель грубо заехал на футбольное поле, пробив все заграждения, сетку и начал гонятся за людьми. 5летний мальчик был в метре от гибели. По счастливой случайности никто не пострадал Люди были в ярости и были готовы устроить самосуд, однако близкие водителя обеспечили ему сохранность. По приезду полиции, он был задержан, однако есть основания полагать, что он избежит какой-либо ответственности так как является сыном какого-то бизнесмена либо чиновника. По словам его «близких» «его уже не первый раз отмазывали от пьяного вождения и в этот раз отмажут» Максат Усенов 2020. Прошу поднять этот вопрос в общественности и не дать ему уйти от наказания.?

Публикация от НОВОСТИ КАЗАХСТАНА|21+?? (@24news_kz)

Желіде Алматыда мас жүргізуші “Спартак” стадионына барып, көлікпен адамдарды баса жазбаған сәттің видеосы қызу талқыланып жатыр. Видео 24news_kz Instagram парақшасында жүктелген. Автор оқиға 8 тамыз күні болғанын жазған. 22 жастағы жігіт көлікпен футбол алаңының қоршауын бұзып, адамдарды қағып кете жаздады. 

Кадр сыртында бала мен ересек адамның даусы естіледі. “Бес жасар бала футбол қақпасының торынан шыға алмай, әрең дегенде аман қалған. Зардап шеккендер жоқ. Бастапқыда біз жүргізуші газ бен тежегішті шатастырып алды деп ойлаған едік. Көлік бір тоқтап, бір қозғалды. Жүргізуші терезені ашып: “Дәулет!” деп айқайлады (өзінің інісін іздеп жүрсе керек). Сол кезде ғана адамдар жүргізуші мас екенін түсініп, жан-жаққа қаша бастады. Кейбір адамдар трибунаға шығып кетті”, – дейді оқиға куәгері.

Жазбада жүргізушінің туыстары таныстарына хабарласып, жазадан құтылуға көмектесіп жатқаны жазылған. “Полиция жігітті Медеу аудандық полиция бөлімшесіне алып кетті.  “Порше”, “Лексус” көліктерімен кісілер келіп жатты. Киімдерінен тойдан шыққаны көрініп тұр. Куәгерлердің бірі жүргізуші шенеуніктің немесе бизнесменнің ұлы екенін айтып отыр”, – дейді автор. Sputnik Қазақстан ресми ақпарат алу үшін Алматы қаласы полиция департаментіне хабарласты. Полиция ақпаратты нақтылайтынын жеткізді. 

kaz.nur.kz

 

 

Рубрика: