01 февраля, 2013 Comments Off on Алматыда бір тәулік ішінде 50-ден астам жер сілкінісі тіркелді

Алматыда бір тәулік ішінде 50-ден астам жер сілкінісі тіркелді

Фото с с сайта vg-news.ruАлматыда жер асты дүмпулері әлі жалғасуда. Соңғы бір тәуліктің ішінде 150-ден астам жер сілкінісі тіркелген.Мамандар "қорқатын ештеңе жоқ, алаңдамаңыздар"-деп басу айтады. Сөйте тұра жер сілкінісі әлі бірнеше тәулікке ұласатынын ескертеді….Сейсмология институтының директоры Таңатқан Абақановтың айтуынша, жер асты дүмпуі әлі бірнеше күнге созылады. Дегенмен, олардың қуаты 7 баллдан аспайды деп сендіреді маман. Ал, зілзаланың саны мен күші күн сайын азая бермек.Мамандар, "жер қозғалды" деп Алматы халқы босқа даурықпасын деп, ұстамдылыққа шақырады.Естеріңізде болса, апта басында Алматы облысы аумағында 6,6 балдық жер сілкінген еді. Зәресі ұшқан жұрт шулап, үйлеріне кірмей қорыққан еді. Құдай сақтағанда, зілзала кіндігі болған Кеген-Нарынқол өңіріндегі ел-жұрт та дін аман.Ал осы жер дүмпуінен көршіміз Қытайда 200-ден астам баспана қирап қалған.
Источник: 31 канал
Загрузка...

Комментирование закрыто.