Атырауда Алматыдағы дүкенді тонап кеткен үш адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атырау стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 12 қаңтарда “Алматы-Атырау” пойызынан түскен жолаушылардың сөмкесін тексерген.

“Жолаушылардың сөмкелерін тексеру кезінде Ақтау қаласының 3 тұрғынынан Алматы қаласындағы Mon Amie дүкенінің тауарлары табылды. Бұл – 30 дана әтір суы, 55 дана косметикалық бұйым. Тексеру іс-шарасы теміржолдың күзет фирмасы мен Ұлттық ұлан әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірге жүзеге асырылды. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 3-бөлімінің 3) тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір ұсталғандарға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады Атырау стансасындағы желілік полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Мейірбек Өтеғали.

kaz.nur.kz

Рубрика: