АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда Bek Air компаниясының ұшағы құлады (фото, видео)[:]

[:kz]

Алматыда Bek Air компаниясының ұшағымен төтенше жағдай болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қоғам белсендісі Денис Кривошеевтің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

 
 
Фото : "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

Фото : «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

«Алдын ала ақпарат бойынша Алматы әуежайынан ұшқан БекЭйр әуе компаниясының ұшағында мәселелер болған. Борт Нұр-Сұлтанға z9 2100 рейсін орындаған. Қызыл ту ауылы бағытында құлаған. Толығырақ анықтап жатырмын. Жараланғандар бар», — деп жазды блогер Кривошеев.

«Шұғыл хабарлама. Бүгін Алматыдан-Нұр-Сұлтанға қатынайтын Бек Эйр әуе компаниясының 2100 рейсі жоспар бойынша 7:05-те ұшып, радардан жоғалып кетті. Бортта 95 жолаушы мен 5 жкипаж мүшесі бар», — деп хабарлады Алматы әуежайы.

 

[:]