АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда балалардың ұрланып жатқаны рас па? Полиция жауап берді[:]

[:kz]

Мессенджерлерде Алматыда балалардың ұрланып жатқаны туралы хабарлама тарады. Өз кезегінде қалалық полициядағылар бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

WhatsApp мессенджерінде тараған аудиохабарламада Алматыда балалардың ұрланып жатқаны айтылған.

«Құрметті ата-аналар, кеше кешке Алматы қалалық ІІД-де жұмыс істейтін ағам хабарласты. Ол маған мынадай ақпаратты жеткізді. Қазіргі уақытта жоғалып кеткен балаларды іздестіру қарқынды түрде жүріп жатыр. Сіздерге жай ғана ескерткім келеді», — дейді әйел аудиохабарламада.

Алайда қалалық полиция департаментіндегілер бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Хабарламада айтылған мәліметтер мен деректер шындыққа жанаспайды. Оларды растамаймыз. Қазіргі уақытта полиция жалған хабарлама авторын анықтау бойынша шаралар жүргізіп жатыр. Олар тұрғындар арасында негізсіз үрей тудырсығы келген болуы мүмкін. Мұндай әрекет үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылған», — дейді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Stan.kz 

[:]