Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша әлі де “қызыл” аймақта тұр.

“Мектеп жасына дейінгі балалар арасында үш есе және онлайн-оқудағы оқушылар арасында төрт есе сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Ата-аналарға алдын алу шараларының маңыздылығы туралы балалармен түсіндіру жұмыстарын күшейту ұсынылады”, – деді әкімдікте.

65 жастан асқан және созылмалы аурулармен ауыратын адамдар әлі де қауіп жоғары. Оларға мүмкіндігінше үйден шықпауға кеңес беріледі.

Сондай-ақ, 20-29 жас аралығындағы адамдар арасында инфекция өскен.

 

“Талдау көрсеткендей, қоғамдық мекемелерден басқа, жеке секторда адамдар көп жиналады. Отбасылық іс-шаралардан, үйлену тойларынан, еске алу және тойлардан жұқтыру жағдайларын тіркеу жалғасуда”, – деп толықтырды әкімдік.

Мониторингтік топтар бизнес нысандарындағы бұзушылықтарды анықтауды жалғастыруда. Аудан әкімдіктері жанындағы мониторингтік топтардың басшылары ұсынған материалдар бойынша 21-24 наурыз аралығында 92 аралау жүргізілді, 1080 нысан қамтылды, оның ішінде 233-інlе белгіленген жұмыс режимінің бұзылуы анықталды.

Сонымен қатар, 29 бұзушылық 24 наурыздан 25 наурызға дейін түнгі аралау барысында анықталды. Осылайша, 233 кәсіпкерлік объектісіне айыппұл салынады. Карантин шараларын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 772 хаттама толтырылды.

 

Рубрика: