Алматылық әйел қаладағы балалар алаңында қой баққаны үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде балалардың ойын алаңында және абаттандырылған тротуарда жайылып жүрген қойлардың видеосы пайда болды. Бұл жазба Алатау ауданында түсірілгені айтылады.

Алматы полиция департаменті малдың иесін Алатау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартқанын мәлімдеді.

 
 

Рубрика: