АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда автобустар соқтығысып, 18 адам зардап шеккен[:]

[:kz]

Бүгін Алматыдағы Абай және Достық даңылдарының қиылысында қала ішінде жолаушы тасымалдайтын екі автобус бетпе-бет соқтығысып, салдарынан көлікте отырған адамдар зардап шеккен. Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап tengrinews агенттігі хабарлады.

«Шілденің 22-і күні сағат 9:58-де жедел медициналық жәрдем станциясына жол-көлік оқиғасы туралы хабар түсті, оқиға болған жерге 10 жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Әртүрлі жарақат алып, дәрігердің көмегіне жүгінген 18 адам қала ауруханаларына жеткізілді. Төрт адам ауруханаға жатқызылып, өзгелері тиісті дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді», — делінген денсаулық сақтау басқармасы ақпаратында.

Куәгерлердің айтуынша, Достық даңғылы бойында тұрған 12-бағыттағы автобус кенеттен орнынан қозғалып, жолдың қарсы бағытында келе жатқан басқа автобуспен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасының себептері анықталып жатыр.

www.azattyq.org

[:]