Оқиға 15 желтоқсанда Сейфуллин даңғылындағы (Жансүгіров көшесінен төмен) аялдамалардың бірінде болды.

Алматыда белгісіз ер адам автобус астына жатып алып, көлік қозғалысына кедергі келтірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға 15 желтоқсанда Сейфуллин даңғылындағы (Жансүгіров көшесінен төмен) аялдамалардың бірінде болды. 

Видео @kris_p_almaty Instagram-парақшасында жарияланды.

Хабарламада ер адамның мас болғаны айтылған. Сырттай ол 40-45 жасқа көрінеді. Видеодан автобус астынан оны екі полицей күшпен алып шыққанын көруге болады.

Рубрика: