АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда актерлер театрды кафеге айналдыруға мәжбүр болды[:]

[:kz]

 

Алматыда театр актерлері сахналық костюмдерін даяшылардың алжапқышына ауыстырды. Осылайша, олар карантиннің ұзаққа созылуына байланысты банкрот болудың алдында тұрған театрды сақтап қалатындарына үміттенеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарт агенттігі «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Режиссер Галина Пьянова бос тұрған театр ішін аралап жүреді. Жарты жылдан бері мұнда көрермендер болмаған, тисінше, табыс көзінің жоқтығынан өнер орны банкрот болудың алдында тұр. Республикадағы театрлардың барлығы дерлік осындай күйде.

«Ең қорқынышты түс болуы мүмкін нәрсе, біздің өңімізге айналды. Біз сахнаға шығу және залда көрермендерді көру мүмкіндігінен айырылдық. Бұл біз үшін үлкен сынақ болды. Осы сынақ арқылы біз одан да жақсы, күшті боламыз деп үміттенеміз. Бірінші ай өте қиын болды. Барлық театрда сондай болды деп ойлаймын», — деді Галина Пьянова.

Алайда, әртіс шығармашылық жағынан жол таппаса әртіс бола ма? «ARTиШОК» театры әртістерінің ойына ерекше идея келген. Олар карантин кезінде театр аумағын арт-кафеге айналдырды. Театр алдында жазғы террасалар пайда болды.

«Біз жан-жағымызға қарадық, не бар екенін көрдік. Бұл негізі қарапйым актерлық тапсырма: өзіңде не бар екенін қара, шара қолданудың қандай мүмкіндігі бар? Сосын сабыр сақтап қарасаң, сенде жер бар, орындықтар бар, кофе бойынша жұмыс істейтін серіктестерің бар. Осының бәрін жинақтай келіп осындай концепция пайда болды», — деді «ARTиШОК» театрының басқарушы директоры Анастасия Тарасова.

Даяршы қызметіне тек актерлер ғана емес театрдың достары да қуана кірісті. Кешке қарай мұнда керемет атмосфера болады. Жазушылар, музыканттар, блогерлер келіп, қонақтармен сөйлеседі, осылайша театр жобасына қолдау көрсетеді. Олардың арасында жас жазушы, блогер Алина Мұстафина да бар. 

«Театрдың достары, басқа саланың адамдары, басқа мамандық иелері өздерінің достарын шақырады және сол сияқты. Мысалы, мен блогермін ғой, өзіме жазылғандарды шақырамын. Бәрі жиналып, әңгімеледі. Біреулер шай, кофеге тапсырыс береді. Бұған қоса, біз кездескіміз келетінін, мәдени шараға айналдырғымыз келетінін көрсетеміз», — деді ол.

Дегенмен, жоба авторларының айтуынша, түскен қаржы тек коммуналдық төлемдерді төлеуге ғана жетеді. Сондықтан театр ұжымы, карантиннің тезірек аяқталып, қалыпты өмірге оралып, бас қалған залдардың көрермендерге толуын асыға күтіп жүр. 

[:]