АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда ағаштарды өртеген адам ұсталды[:]

[:kz]

 

Алматыда ағаштарды өртеген адам ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Бейнекамералар мен куәгерлік айғақтардың көмегімен Бостандық ауданындағы өрт орнында күдікті ер адам анықталды.

Бұл 1968 жылы туған азамат. Ол от жаққанын мойындады.

Ер адам мас күйде болғанын және консервілерді жылытқысы келгенін айтқан, бірақ өрт бұталарға өткен, сол кезде ер адам қорыққанынан оқиға орнынан кетіп қалған»,—делінген хабарламада.

[:]