Алматы облысында “Коронавируске шалдыққан 70 науқас” жайлық видео таратқан гинеколог дәрігер өзінің әрекетін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 

Думан Айтжанов өзінің бұл ісін “жай ғана қалжың” деп түсіндірді. Алғашқы бейнежазбаны түсіндірмекші болып ол тағы бір видео түсірді. 

“Мен, Айтжанов Думан Кемпилұлы, дәрігер, акушер-гинеколог болып жұмыс атқарамын. Өзімнің WhatsApp желіссінде таратқан жазбам жайлы айтқым келіп отыр.Мен достарымды қалжың ретінде қорқытпақшы болып, коронавирус жайлы видео түсірдім. Бұл ісім үшін қатты өкінемін. Және мені көріп отырған азаматтарға былай істемеуге кеңес беремін”, – дедй ер азамат бейнежазбада. 

Полиция қызметкерлері дәрігерден сыртқа шықпауға қолхат алынған, тексеріс амалдары жүргізілуде екендігін айтып кетті.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Алматы облысының тұрғыны мессенджер арқылы “Алматыда 70 адам коронавируске шалдықты” деген жалған ақпарат таратқан. Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері бұл жайтты жоққа шығарды. 

Рубрика: