22 мая, 2020 Comments Off on Алматыда 10 жасар қызды сайға шақырған күдікті ұсталды

Алматыда 10 жасар қызды сайға шақырған күдікті ұсталды

Алматыда он жастағы қызды зорламақ болған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы қалалық ПД өкілдері мәлімдеді. 

Күдікті кешке қарай ұсталған. Тұтқындалған азаматтың тұрғылықты орны жоқ екені анықталыпты.  

"Ер адам Жетісу аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Ол жерге қыздың анасы да шақырылды. Әйел әлгі азаматтың қызына тиіспегенін айтты. Күдікті қыздан сағат қанша екенін сұрағанын жеткізді. Оқиғаның анық-қанығы әлі анықталатын болады", - деді Жетісу ауданы полиция бөлімінің басшысы Дархан Мусанов. 

Еске салайық, бұған дейін 10 жастағы қызды сайға шақырған азамат туралы айтылған еді. Абырой болғанда, бейтаныс адамның көрші қызды әңгімеге тартып тұрғанын өтіп бара жатқан жергілікті тұрғын көріп қалған. 


Загрузка...

Комментирование закрыто.

2025d523818cd5cb