АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматы тұрғыны маска тағуын өтінген автобус жүргізушісінің қолын тістеп алды (видео)[:]

[:kz]

 

Алматы тұрғыны автобус жүргізушісін маска киюін өтінгені үшін тістеп алған. Әкімдік оқиғаға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жолаушы мені маска тағуын өтінгенім үшін тістеп алды», – дейді жүргізуші. Қалалық мобильділік басқармасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Олардың ақпаратына сенсек, оқыс жағдай № 54 маршруттық автобуста болған. «Оқиғадан кейін жолаушы қашып кеткен. Жүргізуші полицияға арыз түсірмейтінін айтты. Барлық жолаушылардан маска режимін сақтауды сұраймыз»,- деп атап өтті басқармадағылар.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда маска тақпаған жолаушылар автобустан түсірілетіні туралы жазған болатынбыз. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі бұған дейін қоғамдық көлікте тек Басқарма қызметкерлері рейд жұмыстарын жүргізіп келгенін және олардың құзыреті ескерту жасаумен ғана шектеліп келгенін еске салды.

 

Ал қазіргі мониторинг тобы санитарлық ережелерді бұзғандарға айыппұл салып, шара қолдануға құқылы. 

Одан бөлек, қалада жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып жатқаны алға тартылды.

Жолаушылар ағымына қарай жүктемесі жоғары 28 бағыт бойынша қосымша автобустар шығарылып, жүру интервалы қайта қарастырылды.

Соңғы аялдамаларда автобус салондарына дезинфекция жасалып, автобустар мен метрода маска тағу қажеттілігі туралы ақпараттық аудиохабарлама таратылды.

 

kaz.nur.kz

 

[:]