10 июля, 2019 Comments Off on Алматы полициясы автобус жүргізушісімен төбелесіп, кейін көлік қағып кеткен жігітке қатысты іс қозғады (видео)

Алматы полициясы автобус жүргізушісімен төбелесіп, кейін көлік қағып кеткен жігітке қатысты іс қозғады (видео)

Алматыда автобус жүргізушісімен төбелесіп, джип көлігінң астына түскен жігіт қылмыстық жауапқа қатысты айыпталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алмалы ауданының полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны туралы хабарлады. «Сот ісін жүргізу барысында тергеу іс-шаралары мен сараптамалық зерттеулер кешені жүргізіледі, оның нәтижелері іс бойынша қорытынды процедуралық шешімге әкеледі.

Видеодан байқағанымыздай, жігіт бағдаршамның тыйым салынған түсінде жолдан өтеді. Бұл факт жергілікті полицияның жеке ісімен қарастырылады, нәтижесінде әкімшілік заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.

Бұған дейін алматылық жігіттің автобус үргізушісімен төбелескен соң көлік астына түскені айтылды. Оқиғаны видеоға түсірген. Жүргізуші жігіттің қолынан самокатты алмақ болады, жігіт қарсыласады. Жүргізушінің беті қан екенін аңғарылады. Видео соңында жігітті көлік қағып, бірнеше метрге ұшырып түсіреді. 
Stan.kz 

Загрузка...

Комментирование закрыто.