АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматы полицейлері жоғалып кеткен үш жасар балақайдың өмірін құтқарып қалды (фото)[:]

[:kz]

Алматының Түркісіб ауданы полицейлері үш жасар баланың өмірін құтқарып қалды. Бұл жайында полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 

Исатай Динаби. Фото: Алматы полициясының баспасөз қызметінен

Исатай Динаби. Фото: Алматы полициясының баспасөз қызметінен

4 мамыр күні кешкі сағат 17:00-дер уақытында полицияға үш жастағы Исатай Динабидің жоғалып кеткені жайлы хабар келіп түседі.»Баланы жедел іздестіру жұмыстарына полиция бар күшін салды. Алғашында балақайдың атасымен «Қайрат» ауылында болып, ойнап жүріп жоғалғаны анықталды.

Ер адам дереу шу көтеріп, баланы іздеген. Жол-патрульдік полициясы жаңа құрылыс алаңдары мен мекен-жайларды қарап шықты. Ал бұл уақытта жедел іздестіру тобы баланың жоғалуының басқа нұсқаларын қарастыра бастады.Сонымен қатар жасөспірімдеп полициясы мен еріктілер де Исатай Динабиді іздеуге кіріскен. Нәтижесінде үш жасар бала аман-есен табылды», — дейді Түркісіб аудандық полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Думан Аухадиев.

Фото: Алматы полициясының баспасөз қызметінен

Фото: Алматы полициясының баспасөз қызметінен

Думан Аухадиевтің айтуынша, «Боран-312″ патрульдік экипажы бос жерлерді қарап жүріп жоғалған баланы тапты. Балақай қысқа жейдесі дымқылданып, тоңып қалған.»Ең бастысы бала аман-есен. Патрульдік полицейлері оны күрткемен жылытып алған. Осыдан кейін дәрігерлер баланы қарап шықты. Оның өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Қазір Исатай Динаби атасы мен әке-шешесіне табыс етілді», — деді Думан Аухадиев.
 

[:]