16 сентября, 2019 Comments Off on Алматы облысындағы апаттан кейін тұрғындар шу көтерді

Алматы облысындағы апаттан кейін тұрғындар шу көтерді

Қазақстандықтар Алматы облысында пойыз бен автобус соғысуынан болған қайғылы оқиғаға бейжай қарап қалмады. Желі қолданушыларының бірі жергілікті тұрғындардың оқиға болған орында көпір салынуын қанша уақыттан бері сұрап жүргенін жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 
пппппп

Видеодан алынған кадрлар: Instagram.com/kopilki._.kz

"Қанша рет жаздық осы өткел туралы, міне жеттік осындай халге";

"Шамалған стансасы және күнделікті кептеліс. Қағаз бойынша баяғыда көпір салып тастаған, ал іс жүзінде жоқ";

"Өткелге шығып кеткен, алдында көліктер тұрды. Егер ол есікті ашпағанда, зардап шеккендер көп болатын еді. Автобус адамға лық толы болды. Көбісі шығып үлгерді";

"Қорқынышты жаңалық. Ол жақта менің ата-анам мен әпкем тұрады. Жақындарым үшін қобалжып кеттім. Аллаға шүкір, бәрі аман. Інім 15 минут бұрын ғана сол жақтан кетіп қалыпты. Ол жақта үнемі сондай кептеліс. Автобус ол жерде жарты сағат тұрған. Қарсы бағыттағы көліктер жол бермейтіндіктен, ол жерге көпір салуды көптен бері сұрап жүр", - деп жазуда желі қолданушылары.

Айта кетерлігі, апат орнына тұрғындар жиналып, көпір салынуын тағы да талап еткен.

 
   KAZ.NUR.KZ.
Загрузка...

Комментирование закрыто.