АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматы облысында үйінің екінші қабатына анаша өсірген тұрғын ұсталды (видео) [:]

[:kz]

Алматы облысының полицейлері есірткі зертханасын ауыздықтады,-деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Polisia.kz  дерегіне сүйене отырып. Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел ақпарат бойынша Іле ауданының А. есімді тұрғыны есірткі заттарын шығарып, таратумен айналысқанын анықтаған.

Сондай-ақ, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде сараптама актілерімен белгіленген “марихуана” есірткі заты бар 8 сіріңке қорабы тәркіленді.Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген.

«Санкцияланған тінту барысында Іле ауданының 47 жастағы ауыл азаматының тұрғын үйінің екінші қабатынан “марихуана” есірткі заттарын өсіріп, дайындап, тарататын зертхана табылды. Оның үйінің екінші қабаты микроклиматты құру мақсатында күн батареяларының көмегімен қосымша жылытылған. 

Тінту жүргізу кезінде салмағы 26 кг-ға жуық 47 бұта, 295 орама және салмағы 8,5 килограмм дайын екі қап “марихуана” табылды және тәлкіленді. Есірткі өсімдіктерін өсіру, аса ірі мөлшерде дайындау және сақтау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 300-бабының 1-бөлігі, 296-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.Кінәсін мойындап жауап берген күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды”, – деп хабарлайды Алматы облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Қазбек Мұхамедов.   «Қамшы» сілтейді

qamshy.kz

[:]