Алматы облыстық полициясы жергілікті полиция қызметінің бастығы Марат Күштібаев өз қызметінен уақытша шеттетілді. Оған себеп-Youtube желісінде жарияланған аудожазбаға қатысты ішкі тексерістің жүргізілуі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

 
 

Марат Күштібаев. Фото: 7sunews.kz

Марат Күштібаев. Фото: 7sunews.kz

 

Министрліктің хабарлауынша, аталған жазба ведомствоға тексеріс үшін жолданған.

Артынша, 19 қыркүйек күні Ішкі істер министрінің қаулысымен Күштібаев уақытша өз қызметінен шеттетілді.”Жеке қауіпсіздік департаментіне қызметтік тергеу жүргізу тапсырылды”,- деді ІІМ-де

Tengrinews.kz агенттігінің хабарлауынша, аудиожазба Күштібаевтың суретімен жарияланған. Онда белгісіз біреу қол астындағыларды сынап жатқанын және арасында мәдениетсіз сөздер айтқанын аңғаруға болады.

 

Рубрика: