АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматы облысында базарға кіріп кеткен бұқа жолындағылардың бәрін қиратты (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Кей қораптардың үстінен қан көрінеді. Оның нақты бұқаға немесе адамға тиесілі екені белгісіз. Бірақ жарияланымда сондай-ақ бауыздалған жануардың суреті қоса жүктелген.

Алматы облысында ызалы бұқа базардың тас-талқанын шығарды,  деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Оқиға болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Кадрларда оқиға автомобиль нарығында болғаны көрінеді, себебі барлық жерде көлік бөлшектері, жанар-жағармай материалдары бар контейнерлер шашылып жатыр. 

Сондай-ақ, видеодан жануардың контейнерді сүзіп, жолындағының барлығын қиратып жатқанын көруге болады. Ал адамдар айқаймен әр жаққа қашып жүр. 

«Бәрін қиратты. Бәріне тиді», — дейді видео авторы. 

Кей қораптардың үстінен қан көрінеді. Оның нақты бұқаға немесе адамға тиесілі екені белгісіз. Бірақ жарияланымда сондай-ақ бауыздалған жануардың суреті қоса жүктелген. 

«Гүлдала ауылындағы автокөлік базарының аумағына ызалы бұқа жүгіріп келді. Тұрғындар бірнеше контейнерлерді қиратқан жануардың көзін жойды. Зардап шеккен адамдар туралы ақпарат жоқ», — делінген сурет сипаттамасында.

 

[:]