АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматы қаласының жаңа бас санитарлық дәрігері тағайындалды[:]

[:kz]

Айзат Молдағасымова қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен 2020 жылғы 18 сәуірден Жандарбек Мұхтарұлы Бекшин Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері болып тағайындалды.

 

Бұған дейін Жандарбек Бекшин Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінде болып, лауазымынан босатылған еді.

[:]