Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тіршілігін қалпына келтіру бойынша жұмыстардың барысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Супермаркеттердің біріне барған әкім тауарлар ассортиментін және дүкендерде азық-түлік қоймаларының болуын қарап шыққан. “Бүгінгі күні қала азық-түлік тауарларымен және бірінші қажеттіліктегі тауарлармен жеткілікті көлемде қамтамасыз етілген. Алаңдауға негіз жоқ”, – дейді Сағынтаев. Қазіргі уақытта Алматыда 77 супермаркет жұмысын қайта бастаған.

Соның ішінде 39-ы – “Magnum” дүкендер желісі, 9 – “Small”, 1 –”Тоймарт”. Сонымен қатар үш ірі азық-түлік базары жұмыс істеп тұр. Олар: “Барыс”, “Алматы 1”, “Арыстан”. Сондай-ақ мегаполисте 44 жанар-жағармай құю бекетінің қызметі жанданған, тағы 25-і жұмысын бастауға дайындық жүргізіп жатыр. Одан бөлек, 111 дәріхана жұмыс істеп тұр. Олардың ішінде 107-сі сағат 08.00 – 19.00 аралығында ашық болады. 4 дәріхана тәулік бойы жұмыс істейді. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін сауда және интеграция министрлігі ел өңірлеріндегі азық-түлік базарларының жұмыс кестесін жариялаған болатын. 

 

Рубрика: